
Қазақстандық жас теннисші Әмір Омарханов Италияның Реджио Эмилия қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды.
17 жастағы Омарханов италиялық Александр Биндамен бірге турнир барысында үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Олар алдымен 1/8 финалда италиялық Стефано Д’Агостино – Микеле Рибечайды 6:1, 3:6, 10:4 есебімен ұтты. Ширек финалда тағы бір италиялық жұп Лоренцо Бокки — Алессио Де Бернардисті 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Омарханов пен Бинда италиялық Федерико Яннакконе мен украиналық Георгий Кравченконы 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Матч 1 сағат 16 минутқа созылды.
Әмір Омарханов пен Александр Бинданың финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.