Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатына қатысады

Ертең, 15 мамырда Жапонияның Фукуока қаласында әйелдер арасындағы регби-15 бойынша Азия чемпионаты басталады. Бұл байрақты додаға Қазақстан ұлттық құрамасы да қатыспақ.
Алғашқы ойында қазақстандық команда әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Жапония құрамасымен кездеседі. Еліміздің құрама командасы қазіргі таңда 65-орында тұр. Келесі кездесу 20 мамырда Гонконг құрамасына қарсы өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:
Сымбат Жаманқұлова, Әмина Шәріп, Наталья Камендровская, Светлана Малежина, Дарья Ткачева, Ксения Ким, Елена Юрова, Татьяна Кручинкина, Дарья Симакова, Татьяна Дададжанова, Аяулым Бақытпек, Виктория Кузнецова, Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Екатерина Савина, Алена Дробовская, Наталья Власова, Анна Мельникова, Ирина Балабина, Лилия Олейникова, Әмина Төлегенова, Карина Сазонтова, Алена Мельникова.
Команданың бас бапкері — Ильдар Әбдіразақов.