БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық төреші үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатының матчтарын жүргізеді

Аталмыш халықаралық жарыста төрешілердің құрамына Қазақстан өкілі Тимур Ходжаев енгізілді.
Айта кетейік, ол — еліміздегі жалғыз Blue Badge санатындағы спорт төрешісі, Азия үстел теннисі одағының (ATTU) техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі. Тимур Ходжаев 2017 жылы Астанада өткен ITTF World Tour Grand Finals ширек финалында, 2021 жылы Қарағандыда өткен ITTF Kazakhstan International Open финалында, 2022 және 2024 жылдары Алматыда өткен WTT Contender турнирлерінде, 2023 жылы Линц қаласындағы WTT Youth Contender жарысында, 2024 жылғы Алматыдағы WTT Youth Contender турнирінде, Қытайда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында және Астанадағы Азия чемпионатында бас төреші ретінде қызмет атқарған.