Спорт Министрі | Қазақстандық жүзгіштер Афиныда 8 медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстандық жүзгіштер Афиныда 8 медаль жеңіп алды

Грекия астанасы Афиныда өткен халықаралық турнирде Қазақстанның суға жүзу құрамасы жалпы есепте 8 медаль иеленіп, табысты нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sportm.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынына 3 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль түсті.

Алтын жүлде иегерлері:

  • Әділбек Мусин — 100 метрге баттерфляй әдісімен

  • Ксения Игнатова — 100 және 200 метрге арқамен жүзу

Күміс жүлдегерлер:

  • Әділбек Мусин — 50 метр, баттерфляй

  • Айбат Мырзамұратов — 100 метр, брасс

  • Аделаида Пчелинцева — 50 метр, брасс

Қола жүлдегерлер:

  • Максим Сказобцов — 100 метр, баттерфляй

  • Айбат Мырзамұратов — 50 метр, брасс

Бұл жарыс Париж Олимпиадасы алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстандық жүзгіштер жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада өз әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button