Спорт Министрі |
ФУТБОЛ

«Атырау» ФК-ның бас бапкері тағайындалды

«Атырау» футбол клубы жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды sportm.kz.

37 жастағы Қуаныш Қабдолов енді  «Атырау» футбол клубына бапкердік етеді. Жергілікті маман 2009-2012 жылдар аралығында “Атыраудың” жастар командасында бас бапкердің көмекшісі болған.  2013 жылы “Атырау” футбол орталығының басшысы болып тағайындалып, оның тұсында 1999 жылы туған “Атырау” жасөспірімдер командасы Қазақстан біріншілігін жеңді.

2014-2020 жылдар аралығында Қуаныш Кенжәліұлы “Атырау” негізгі командасының бапкерлік штабында қызмет жасап, бас бапкер көмекшісі және бас жаттықтырушы міндетін атқарды. Сол уақытта “мұнайшылар” екі мәрте Қазақстан Кубогінің финалына (2017 және 2019 жылдары) шықты.

Кейіннен ол 2021-2022 жылдар аралығында түркістандық “Тұранның” бас бапкеріне көмектесіп, содан соң команда тізгінін өзі де ұстады. Ал былтырғы маусымда ақтаулық “Каспийдің” бас бапкері ретінде Бірінші лиганың қола медалін жеңіп алды. Жас маман биыл “Атырау” QJL командаларының координаторы болып еңбек етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button