Спорт Министрі | Амангелді Сейітхан атындағы футбол турнирі өтеді
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Амангелді Сейітхан атындағы футбол турнирі өтеді

Футболдан белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алу турнирі өтеді, деп хабарлайды sportm.kz.

Жеңісті күндерде жүздескенше! Футболдан белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алу турнирі өтеді. Дәл осындай атаумен  Республикалық жарыс төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жарысқа жасы 30-дан асқан БАҚ өкілдері ғана қатысады. Турнирдің өзі 10-мамыр күні Алматыдағы Қазақ Ұлттық Университетінің жасыл алаңында өтеді. Оған елдің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысады.

Еске сала кетейік,  еңбек жолының 20 жылдан астамын «Хабар» агенттігінде өткізген Амангелді Мәулітханұлының жалпы қазақ спорт журналистикасының дамуына қосқан үлесі зор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button