Спорт Министрі | Каратэ
БАСҚАЛАРЫ

Каратэ «Ауыл Спорты» жобасына қосылды

Бұдан былай еліміздегі аудандар мен ауылдарда, әсіресе, шалған елдімекендерде дәл осы спорт түрінің дамуына басымдық беріліп, жергілікті балалар арнайы лигаға қатыса алады.

Тиісті құжатқа Қызылорда қаласында Қазақстан каратэ федерациясының бас хатшысы Асқар Молдағали мен «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және «Ауыл Спорты» жобасының жетекшісі Ғалымбек Жақсылықов қол қойды. Меморандум аясында каратэні кеңінен насихаттау мен дамытуға қатысты кешенді жұмыстар қолға алынбақ. Оның ішінде тек балаларды осы спортқа тартып қана қоймай, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға да ерекше мән беріледі.

Айта кету керек, бастама мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды. Яғни, арнайы қордың қолдауымен жүзеге асады. «Ауыл Спорты» жобасы 2014 жылдан бері жүзеге асып келеді және 6 спорт түрін қамтиды. Яғни, оның ішінде бокс, күрес, шахмат, волейбол, баскетбол және бұдан былай енді каратэ де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button