Спорт Министрі | Асу Алмабаев виртуалды ойын кейіпкеріне айналды
БАСҚАЛАРЫ

Асу Алмабаев виртуалды ойын кейіпкеріне айналды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта өнер көрсететін Асу Алмабаев EA Sports UFC 5 ойынының ойын кейіпкерлер қатарына енгізілді, деп хабарлайды sportm.kz.

Осылайша, UFC 5-тағы екінші қазақстандық спортшы қосылды. Бұған дейін 2022 жылдың желтоқсанында ойынға алғаш болып Шавкат Рахмонов енгізілген еді.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 1 наурыз күні октагонға шығады. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жекте ол бразилиялық Аллан Насиментомен күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button