БАСҚАЛАРЫ
Қысқы Универсиада салтанатты түрде ашылды

Турин қаласында Дүниежүзілік 32-ші Қысқы универсиада ойындары салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды sportm.kz.
Жарыстың алауы жағылды 23 қаңтарға дейін өтетін FISU Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында 57 елден келген 2 мыңнан астам спортшы 11 спорт түрінен 96 медаль жиынтығын сарапқа салынады. Еліміздің туын хоккейші Абылайхан Сүлейменов және фристайлшы Аяулым Әмренова ұлттық үлгідегі киіммен алаңға шықты.