Спорт Министрі | Жалпы есепте екінші орындамыз
БАСҚАЛАРЫ

Жалпы есепте екінші орындамыз

Алматы қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр.

Жарыстың кезекті күні фристайл могулдан аралас жұптық сындар өтті. Ел намысын қорғаған Юлия Феклистова мен Денис Раструба финалға дейін жетіп, ақтық сында америкалық спортшыларға есе жіберді. Яғни, алтын жүлде америкалық, күміс қазақстандық, ал, қола тағы бір америкалық жұпқа бұйырды.

Спорт Министрі | Жалпы есепте екінші орындамыз

Сонымен, ұлттық құрама спортшылары осымен 3-ші мәрте жеңіс тұғырына көтеріліп тұр. Бұған дейін Анастасия Городко параллельді могулда алтын, фристайл могулда күміс жеңіп алған болатын. Осының арқасында Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға жайғасты. Топ басында Жапония құрамасы болса, Чехия спортшылары үздік үштікті түйіндеп тұр.

Енді бүгін фристайлдың акробатика бағытындағы жарыстар басталады. Бұл жарысқа еліміз атынан ұлдар арасында Дінмұхаммед Райымқұл, Асан Асылхан, Роман Погосян және Ұланбәкір Өмірзақов қатысады. Ал, қыздар арасында Ардана Маханова, Раяна Маханова және Аделина Өмірзақовалар жүлдеге таласып көреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button