Абылайхан Жүсіпов: Бізге лас бокс керек емес

Бұл туралы спорт министрі ютуб каналына берген сұхбаты барысында айтты деп, хабарлайды sportm.kz.
Тайландта 2024 жылы өткен Азия чемпионатында алтын жүлдегер атанған Абылайхан Жүсіпов өзбек боксшысына қатысты пікірін білдірді. 71 келі салмақтағы Жүсіпов финалда өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен жұдырықтасқан. Жарыстан соң Асадуллаевтың ереже бұзғаны анықталып, алтын медаль Жүсіповке берілді. Өзбекстандық боксшы отандасымыздың иек тұсын тістеп алғаны анықталды.
Адам өзінің деңгейіне сай ойланады. Тәрбиесіне сай іс-әрекеттер жасайды. Олар солай лас бокстасты деп біз де сондай деңгейге түсе алмаймыз. Егер біз олардың деңгейіне түссек, біз жақтан қате болады деп ойлаймын. Сол себепті бізге одан да таза жақсы жеңу керек. Әлі талай істейтін жұмыс бар. Оған осы Азия чемпионатына барған кезде көзім жетті. Бұйырса одан да мықты болып ораламыз. Бізге лас бокс керек емес,-деді Абылайхан Жүсіпов.