Каратэшілер үздік үштікте

Әлемдік каратэ федерациясы (WKF) әр салмақ бойынша ең үздік ТОП-5 рейтингін жариялады,деп хабарлайды sportm.kz.
Бұл тізімде Қазақстанның 3 спортшысы бар.
Ерлерден -75 келі салмақта Токио олимпиадасының қатысушысы, Әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, 2023 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрқанат Әжіқанов өз салмағы бойынша екінші орынға тұрақтады.
Ал -67 келі салмақта ерлер арасында 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері Әмірәлі Дидар рейтингте төрттікті түйіндеп тұр.
Әйелдер арасындаы +68 келі салмақта рейтингтің көшін отандасымыз София Берульцева бастап тұр. Ол 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 және 2023 Азия чемпионаттарының чемпионы. Сонымен қатар, 2022 Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы.