БАСҚАЛАРЫ
Мемлекет басшысы гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады. Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді.