БАСҚАЛАРЫ
Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновты қазақша құттықтады

Ол өзінің инстаграм парақшасына қазақ тілінде жазба жариялап Шавкатты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Сізді және таланттарыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сені қайта көретін уақытты асыға күтемін – сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін жақсы білеміз», — деп жазылған Гэрридің Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри рейтингтік жекпе-жек өткізіп, бес раундтың нәтижесінде қазақ файтері жеңіске жеткен еді.