Спорт Министрі | UFC турнирі Қазақстанда өтсе деген тілегім бар – Шавкат Рахмонов
БАСҚАЛАРЫ

UFC турнирі Қазақстанда өтсе деген тілегім бар – Шавкат Рахмонов

Бұл туралы Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирі алдындағы баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы кездесу UFC-де үлкен қызығушылық тудырған жекпе-жектердің бірі. Екі боксшы да өзінің жеңілмеген рекордымен танымал. Шавкат Рахмоновта 18 жеңіс, Иэн Гэррида 15 жеңіс бар.

Менің Қазақстанда жанкүйерлерім көп. Әрине, бір күні UFC турнирі сонда өтсе деген тілек бар, — деді Рахмонов баспасөз мәслихатында.

Бұл кездесу UFC жарысындағы маңызды кездесудің  бірі болмақ. Өйткені екеуі де болашақ чемпиондыққа үміткерлер ретінде қарастырылып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button