БАСҚАЛАРЫ
Азия чемпионаты: Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалға өтті

Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде екінші аруымыз бақ сынады,деп хабарлайды sportministri.kz.
Жастар арасында Әлем чемпионы, 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек 1/4 финалда Вьетнам спортшысы Тран Нгуеннен сенімді түрде басым түсіп, келесі айналымға шықты. Айқас барысында қарсыластың бір ұпайы шегеріліп, тіпті есеп те ашылды. Осы салмақтағы жартылай финал 7 желтоқсанға жоспарланған.