БАСҚАЛАРЫ
Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева жартылай финалға шықты

Жазира Орақбаева қарсыласын алғашқы раундта жеңді,деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде алғашқы аруымыз рингке көтерілді. 52 келідегі Жазира Орақбаева 1/4 финалда Тайпей өкілі Ю-Тинь Луомен кездесті. Бірінші раундта-ақ отандасымыздың ауыр соққыларынан кейін, төреші қарсыласқа екі мәрте есеп ашып, жекпе-жекті тоқтатты.