Волейболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры басталады

Өскемен қаласында волейболдан әйелдер командалары арасындағы ұлттық лига ойындарының екінші туры басталады, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Турнир кестесінде– «Берел» мен «Жетісу» 19 ұпаймен көш бастап тұр. «Қуаныш» (СҚО) пен Қарағандыда 15 ұпай үшінші-төртінші орындарда тұр.
Сәрсенбі күні «Жетісу» — «Ару-Астана», «Қуаныш» — «Алматы», «Ертіс» — «Грация KZ», «Тұран» (Түркістан) — «Ақтөбе», «Берел» — «Қарағанды» командалары өзара сынға түседі.
Биылғы кубок және суперкубок иегері «Жетісу» сенбіден бастап өзінің тікелей қарсыластары – «Қуаныш», «Берел» және ел чемпионы «Тұранмен» ойнайды. Ал биыл Азия клубтық чемпионатында төртінші орынға табан тіреген «Қуаныш» 10-11 желтоқсан күндері «Берел» және «Тұранмен» шеберлік байқасады.
Екінші тур ойындары 11 желтоқсанда аяқталады.



