Спорт Министрі | «Каспий» футбол клубының экс-басшысы қамауға алынды
БАСҚАЛАРЫ

«Каспий» футбол клубының экс-басшысы қамауға алынды

«Каспий» футбол клубының басшылығы жаттығуға бөлінген 27 млн теңге қаражатты жымқырған, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарын өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар, 15 млн теңгені қорқытып алуға әрекеттенген. Футбол клубының экс-басшысы және екі сыбайласы қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, соңғы алты жылда Қазақстандағы футбол клубтарына бюджеттен 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның ішінде «Астана» футбол клубына бюджеттен қаржының төрттен бір бөлігі немесе 50,1 млрд теңге жұмсалған. Клуб бұл қаржының 60%-дан астамын, яғни 33 млрд теңгені еңбекақы төлеуге жұмсапты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button