Спорт Министрі | Елдос Сметов енді Лондонда оқиды
БАСҚАЛАРЫ

Елдос Сметов енді Лондонда оқиды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жақында Лондонға кетеді. Бұл туралы Sport+ тілшісіне  берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды sportministri.kz.

Спортшы ағылшын тілін үйренуге бара жатқанын айтты.

Олимпиададан бері әлі демалыстамын. Қазіргі негізгі жоспар — білім алу. Қаңтар айының басында Лондонға кетіп барамын. 4-5 ай бойы Ұлыбританияда ағылшын тілін үйренемін. Одан кейін елге оралып, шамамен 2025 жылдың соңына қарай толыққанды жаттығуды жалғастырып, Отандық дзюдоның дамуына әрі қарай өз үлесімді қоса бермекпін,-деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button