Спорт Министрі | Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда
БАСҚАЛАРЫ

Азия чемпионаты: Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов жартылай финалға өтті, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.

Абылайхан Жүсіпов 3 жылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралып,  71 келіде ел намысын қорғады. Бұған дейін Абылайхан әуесқой бокста 2021 жылы Белградтағы Әлем чемпионатында қола жүлде алған еді. 1/4 финалда жерлесіміз Түркіменстан өкілі Байрамдүрді Нұрмұхамедовпен жұдырықтасты. Қарсыласынан басым түскен Абылай жартылай финалға жолдама алды. Есеп: 5:0. Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен жолығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button