БАСҚАЛАРЫ
Азия чемпионаты: Алуа Балқыбекова жекпе-жекке шығудан бас тартты

Бокстан ерлер және әйелдер арасында Чианг Мэйде (Тайланд) Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды sportministri.kz тілшісі.
Жүлдеден үміт күткен боксшы қыздарымыздың бірі, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығатын Алуа Балқыбекова жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың (50 келі) сырқаттануына байланысты, Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе жегінен бас тартуына тура келді.
“Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды”- делінген дәрігер анықтамасында.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 17 қараша — 11 желтоқсан аралығында өтеді.