
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес америкалық Теренс Кроуфордпен орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты. Жекпе-жек 14 қыркүйек күні таңертең өтіп, он екі раундқа жоспарланған еді.
Қарсыластар алғашқы раундтардан-ақ бір-бірінің осал тұсын іздеп, көп соққы жұмсауға тырысты. Дегенмен белсенділік артқан сәттерде артықшылық Кроуфорд жағында болды. Америкалық боксшы жылдам қозғалып, бастаманы өз қолына алды.
Нәтижесінде төрешілер бірауыздан шешім шығарып, жеңісті Теренс Кроуфордқа берді. Осылайша ол орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.