Спорт Министрі | Махмұд Сабырхан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының қола медалін өзіне қамтамасыз етті
БОКСТРЕНДТЕ

Махмұд Сабырхан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының қола медалін өзіне қамтамасыз етті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медальді өзіне қамтамасыз етті.

Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық Руй Ямагучимен қолғап түйістірді. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) финалға шығу үшін бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button