Спорт Министрі | Бокстан Әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады
БОКСТРЕНДТЕ

Бокстан Әлем чемпионаты: 7 қыркүйекте Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады

7 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды.

Күндізгі бағдарлама Астана уақытымен 15:00-де басталады

55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен жұдырықтасады.

80 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Матвей Ражбамен (Украина) кездеседі.

Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өзінің әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін Элис Глинға (Ұлыбритания) қарсы өткізеді.

70 келіге дейін Наталья Богданова үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістіреді.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллиновтың алғашқы қарсыласы Уго Грау (Франция).

Басқа жаңалықтар

Back to top button