Спорт Министрі | Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
БОКСТРЕНДТЕ

Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады. 

Бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Донета Садикумен (Косово) өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева үшінші раундта басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button