
Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сағындық Тоғамбай алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген спортшы бірінші айналымда ағылшын Исаак Окомен кездесті. Қарсыласы алғашқы раундта басымдық танытқанымен, Тоғамбай соңына қарай қарқынын үдетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Келесі кезеңде Сағындық Тоғамбай ирландиялық Джек Марлеймен кездеседі.