
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Англияның Шеффилд қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұл жиын 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылған.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, құраманы Елдос Сайлалин баптайды. Алдағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі төмендегідей:
-
Назым Қызайбай (48 келі)
-
Алуа Балқыбекова (51 келі)
-
Элина Базарова (54 келі)
-
Карина Ибрагимова (57 келі)
-
Виктория Графеева (60 келі)
-
Аида Әбікеева (65 келі)
-
Наталья Богданова (70 келі)
-
Надежда Рябец (75 келі)
-
Гүлсая Ержан (80 келі)
-
Елдана Талипова (80 келіден жоғары)
Сонымен қатар, ерлер құрамасы да әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бұл жолы тәжірибелі боксшыларға сенім артып отыр:
-
Санжар Тәшкенбай (50 келі)
-
Махмұд Сабырхан (55 келі)
-
Бейбарыс Жексен (60 келі)
-
Ертуған Зейнулинов (65 келі)
-
Төрехан Сабырхан (70 келі)
-
Сабыржан Аққалықов (75 келі)
-
Нұрбек Оралбай (80 келі)
-
Бекзат Нұрдәулетов (85 келі)
-
Сағындық Тоғамбай (90 келі)
-
Айбек Оралбай (90 келіден жоғары)