
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан U22 Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы үшінші алтын медалін жеңіп алды.
90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Темірлан Мұқатаев финалда өзбекстандық Шахзод Полвоновты жеңіп, чемпион атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында:
- Үш алтын медаль: Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәлі Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг)
- Екі күміс медаль: Илья Калинин (65 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг)
Бұл көрсеткіш – Қазақстан боксшыларының Бангкоктағы жарыстағы жоғары деңгейін дәлелдейді.