ТЕННИСТРЕНДТЕ

Александр Бублик Швейцариядағы ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гштаад қаласында өткен топырақты корттағы ATP 250 турнирінде жеңімпаз атанды.

Финалда ол аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен кездесіп, 2 сағат 7 минутқа созылған тартысты матчта жеңіске жетті. Бублик 13 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін тиімді пайдаланып, матчты 6:4, 4:6, 6:3 есебімен аяқтады.

Айта кетейік, бұл – Александр Бубликтің топырақты корттағы алғашқы финалы және алғашқы жеңісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button