
Қазақстан құрамасының боксшысы Аида Әбікеева Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына жолдама алды.
Спортшымыз 65 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея өкілі Кан Сукенді жеңіп шықты.
Осылайша, Аида Әбікеева еліміздің қоржынына кем дегенде қола медаль түсірді. Енді ол финалға шығу үшін тағы бір кездесуге қатысады.



