
Лондонда өтетін беделді Уимблдон-2025 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды.
Ерлер арасындағы матчтар:
- 🇰🇿 Александр Бублик (ATP №30) – 🇪🇸 Хауме Муньяр (ATP №54)
- 🇰🇿 Александр Шевченко (ATP №97) – 🇺🇸 Рейлли Опелка (ATP №72)
- 🇰🇿 Бейбіт Жұқаев (ATP №251) – 🇮🇹 Флавио Коболли (ATP №24)
Айта кетейік, ерлер арасындағы Уимблдонның қазіргі чемпионы – испаниялық Карлос Алькарас.
Әйелдер арасындағы матчтар:
- 🇰🇿 Елена Рыбакина (WTA №11) – 🇦🇲 Элина Аванесян (WTA №49)
- 🇰🇿 Юлия Путинцева (WTA №34) – 🇺🇸 Аманда Анисимова (WTA №13)
Турнирдің әйелдер арасындағы қазіргі жеңімпазы – чехиялық Барбора Крейчикова.
Жұптық және аралас сында:
Қазақстан атынан Анна Данилина өнер көрсетеді. Оның қарсыластары жуырда белгілі болады.
Маңызды дерек:
- 🗓 Турнир уақыты: 30 маусым – 13 шілде
- 💷 Жүлде қоры: 53,5 миллион фунт стерлинг (бұрын-соңды болмаған рекорд)