Спорт Министрі | Оралда үздік боксшылар мен бапкерлерге пәтер кілті табыс етілді
БОКСТРЕНДТЕ

Оралда үздік боксшылар мен бапкерлерге пәтер кілті табыс етілді

Орал қаласында өткен салтанатты шарада халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген боксшылар мен олардың бапкерлеріне пәтер кілті табыс етілді.

Батыс Қазақстан облыстық бокс федерациясының президенті Бауыржан Кәрімовтің айтуынша, үздік спортшылар мен жаттықтырушылар қандай құрметке де лайық.

Іс-шара барысында:
🔹 Белгілі бапкер Қуаныш Уахасов «ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
🔹 Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Даниял Сәбит, жастар арасындағы әлем чемпионы Өнер Сейілхан, оның бапкері Берік Жарылқасын және БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Саттар Сұлтанғалиға пәтер кілттері тапсырылды.
🔹 Сонымен қатар, 35 үздік боксшы мен клуб басшыларына арнайы спорттық киімдер табысталды.

Eindhoven Cup халықаралық турнирінде 50 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған Даниял Сәбит:

«Пәтер – үлкен сыйлық. Бізге қолдау көрсеткен барлық ағаларға, бокс федерациясы мен “Ақжайық” спорт клубының басшылығына алғысымыз шексіз. Батыс Қазақстанда жас боксшыларымыз табысқа жетіп келеді», – деді.

Бұл бастама — аймақтағы спортты дамыту бағытындағы нақты қолдаудың көрінісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button