
Алматылық «Қайрат» командасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-лигасының сәуір айындағы үздік ойыншысы болып танылды.
Сонымен қатар, «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де үздік бапкер атанды.
Сәуір айында «Қайрат» чемпионаттағы алты ойында бес жеңіске жетіп, бір рет тең ойнады. Бұл нәтиже командаға турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, наурыз айында да Дастан Сәтпаев үздік ойыншы, ал Рафаэль Уразбахтин үздік бапкер атанған болатын.