Спорт Министрі | «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды

Францияның «Пари Сен-Жермен» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Жартылай финалда олар Англияның «Арсенал» командасымен екі матчтық текетіресте басымдық көрсетті, деп хабарлайды Sportm.kz.

Алғашқы ойында париждік ұжым сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Қарымта кездесуде «Арсенал» шабуылмен бастаса да, қорғаныста қателіктерге бой алдырды.

27-минутта Фабиан Руис есеп ашты, ал 72-минутта Ашраф Хакими екінші голды соғып, есепті 2:0-ге жеткізді. Тек 76-минутта Букайо Сака бір голмен жауап қайтара алды — 2:1.

Қос ойын қорытындысы бойынша «ПСЖ» жалпы есепте 3:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.

Финал 31 мамыр күні Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен Арена» стадионында өтеді. Қарсылас — Италияның «Интер» клубы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button