Спорт Министрі | «Интер» мен «Барселона» финал жолдамасын сарапқа салады
ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Интер» мен «Барселона» финал жолдамасын сарапқа салады

UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы қарымта кездесулер басталады. «Интер» мен «Барселона» финалға шығуға таласады, деп хабарлайды Sportm.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тарихи статистикаға көз жүгіртсек, қос команда бұған дейін 11 рет кездесті. Оның бесеуінде испаниялық ұжым жеңіске жетсе, төрт матч тең аяқталған. «Интер» үш кездесуде басым болған.

Жоғары деңгейдегі матч қарсаңында қос командада да кадрлық мәселелер бар:

  • «Интер» сапында қорғаушы Бенжамен Павар мен жартылай қорғаушы Валентин Карбони бұл ойынды жарақатына байланысты өткізіп алады.

  • «Барселона» құрамында жарақат салдарынан Жюль Кунде, Алекс Бальде, Марк Берналь, Марк Касадо және Пабло Торре жасыл алаңға шыға алмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button