Қазақстандағы ең танымал 10 спорт түрі анықталды

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлерінің рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Sportm.kz. Бұл статистика бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен секцияларының мәліметтері негізінде жасалған.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, елімізде ең көп адам айналысатын спорт түрі – футбол. Қазіргі таңда футболмен 1 113 299 адам шұғылданады. Олардың басым бөлігі – ауылдық жердің тұрғындары, бұл спорттың кең қолжетімді әрі танымал екенін көрсетеді.
Келесі орындарда тұрған спорт түрлері:
-
Футбол — 1 113 299 (ауылда – 603 000+)
-
Классикалық волейбол — 767 580 (ауылда – 421 035)
-
Баскетбол — 541 819 (ауылда – 238 853)
-
Футзал — 368 349 (ауылда – 130 744)
-
Жеңіл атлетика — 347 654 (ауылда – 174 261)
-
Шахмат — 278 101 (ауылда – 128 243)
-
Үстел теннисі — 262 835 (ауылда – 127 416)
-
Дойбы — 213 490 (ауылда – 115 198)
-
Тоғызқұмалақ — 202 217 (ауылда – 119 302)
-
Қазақ күресі — 160 399 (ауылда – 87 030)
Бұл мәліметтер қазақстандықтардың спортқа деген қызығушылығы жоғары екенін және ауылдық жерлерде де спортпен шұғылдануға мүмкіндік артып келе жатқанын көрсетеді. Министрлік алдағы уақытта бұқаралық спортты дамытып, әр өңірде қолжетімді инфрақұрылым қалыптастыру жұмысын жалғастырмақ.