
Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол дәстүрлі аралас жекпе-жектен 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.
Финалда Бүркіталин Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевпен кездесті. Алтын медаль үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық спортшы 3:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, Еркінғали Бүркіталин Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының бесінші алтын медалін әкелді.
Фото: Владислав Семенов



