БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында каратэден қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әжіқанов үшінші орын үшін өткен кездесуде Филиппин өкілі Алвин Батиканды 10:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нұрқанат Әжіқанов Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір қола медаль қосты.

Бұған дейін каратэден әйелдер арасындағы 55 келіге дейінгі салмақта Бэлла Самашева да қола жүлдеге ие болған еді.

Фото: Арлан Олжабай

Басқа жаңалықтар

Back to top button