
Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасының финалында Алматының «Қайрат» клубы Испанияның «Пальма» командасынан 4:9 есебімен жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Sportm.kz.
Ойын тартысты басталды. Алтыншы минутта «Пальма» сапынан Хесус Гордильо есеп ашса, сегізінші минутта Кайо Руис таразы басын теңестірді. Алайда алғашқы тайм соңында испандық командадан Лукас Машадо мен Марио Равильос қатарынан екі гол соғып, үзіліске 3:1 есебімен алда шықты.
Екінші кезеңде «Пальма» толық басымдыққа ие болды. Фабиньо 23, 27, 28 және 31-минуттарда қатарынан төрт гол соқты. Оған қосымша ретінде Нетиньо мен Матеус Майя да бір-бір голдан еншіледі. «Қайрат» сапынан Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит пен Кевин Аррьета бір-бірден мергендік танытты, бірақ нәтиже өзгеріссіз қалды.
Осылайша «Пальма» клубы футзалдан Чемпиондар лигасын қатарынан үшінші рет жеңіп отыр (2022/23, 2023/24, 2024/25). Ал «Қайрат» бұған дейін 2012/13 және 2014/15 маусымдарында Еуропа чемпионатының басты трофейін екі рет иеленген болатын.