ТРЕНДТЕ
Каратэден ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды sportm.kz.
Дархан Асаділов Токио Олимпиадасының (-60 кг) қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс (2008) және қола жүлдегері (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ, спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.
Еске сала кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.