
Бұл жөнінде футболдан ұлттық құраманың бас бапкері ресейлік «Спорт экспресс» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Қазақстан футбол федерациясының жаңа басшысымен кездестім. 2024 жылғы ұлттық құрамасының нәтижелерін талқыладық. 2025 жылға жоспарымды баяндадым. Қарсыластарымыздың ерекшеліктеріне тоқталдық. Енді матчтарды қайта Астанада қабылдайтынымыз туралы сөйлестік. Әзірге Мәскеуге ораламын. Қаңтар айында демалыс. Дегенмен, федерация басшылығымен үнемі байланыста боламын», — деді ол.
Бұған қоса, ол қызметінен кету-кетпеу туралы сұраққа да жауап берді.
«Отставка туралы БАҚ-та айтылды. Бірақ менің пікірімді ешкім сұраған жоқ. Бұл мәселе кездесу барысында мүлде талқыланған жоқ», — деді бапкер.