ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕ

Қазақстанның 12 шорт-трекшісі Монреальдағы әлемдік тур кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы Канаданың Монреаль қаласында өтетін шорт-тректен ISU әлемдік турының екінші кезеңінде өнер көрсетеді. Халықаралық жарыста ел намысын 12 спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың тізіміне алты ер және алты әйел спортшы енген.

Әйелдер құрамасы: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек және Гүлдана Жалмұхан.

Ерлер құрамасы: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов және Тамирлан Жолдас.

Айта кетейік, әлемдік турдың Ванкуверде өткен алғашқы кезеңінде қазақстандық Богдан Вехов жүлделі орынға жақын болған еді. Ол 1500 метр қашықтықтағы финалда төртінші орын алып, қола медаль иеленген жапониялық Сёго Миятадан небәрі 0,205 секундқа қалып қойды.

Монреальдағы әлемдік турдың екінші кезеңі 30 қазанда басталып, 1 қарашаға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button