ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Анна Черкашина Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

АҚШ-тың Орегон штатында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Анна Черкашина сәтті өнер көрсетті.
Сырықпен секіруден іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 4,10 метр нәтижені бағындырып, әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Бұл көрсеткішпен Анна U20 жас санатындағы Қазақстан рекордын жаңартты.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша шешуші сынға үздік 13 спортшы өтті.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы сырықпен секірудің финалы 8 тамызда өтеді.



