ТРЕНДТЕХОККЕЙ

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Хоккейден әйелдер арасындағы әлем чемпионатына (IВ дивизионы) қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.

Турнир 12–18 сәуір аралығында Испанияның Пучсерда қаласында өтеді.

Қақпашылар қатарында Вероника Агеева, Полина Говтва және Арина Щеколова бар.

Қорғаныс шебінде Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай, Катрин Мескини, Полина Яковлева, Аида Олжабаева, Мадина Тұрсынова және Анна Пяткова өнер көрсетеді.

Шабуыл шебінде Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова, София Зубкова, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова, Александра Шегай және София Муравьева ойнайды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Латвия, Нидерланд, Корея, Ұлыбритания және Испания құрамаларымен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button