БОКС
Әсел Тоқтасын бокстан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді

Қазақстандық боксшы Әсел Тоқтасын Дели (Үндістан) қаласында өттіп жатқан бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңін қола жүлдемен аяқтады.
Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақта жарысты бірден жартылай финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Өзбекстан боксшысы Олтина Сотимбоевамен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Осы нәтижемен Әсел Тоқтасын турнирдің қола медалін қанжығасына байлады.



