
Астанада өткен халықаралық «Мықтылар турнирі» өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Оның үшеуі алтын, төртеуі күміс және біреуі қола жүлде.
Бірінші жарыс күнінде ерлер арасында Алексей Касаткин жеңімпаз атанды. Ал әйелдер сайысында үздік нәтиже Өзбекстан спортшысы Севара Рахимоваға бұйырды.
Екінші күні Ерлік Сертай ерлер арасындағы жекелей сында бірінші орын иеленсе, әйелдер арасында Владислава Андреева жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирді үш алтын медальмен аяқтап, жарыстың жалпы есебінде көш бастады.
Бірінші күн
Ерлер
1. Алексей Касаткин (Қазақстан)
2. Кирилл Проходов (Қазақстан)
3. Эльмир Әлімжанов (Қазақстан)
Әйелдер
1. Севара Рахимова (Өзбекстан)
2. Шахзода Егамбердиева (Өзбекстан)
3. Владислава Андреева (Қазақстан)
Екінші күн
Ерлер
1. Ерлік Сертай (Қазақстан)
2. Кирилл Проходов (Қазақстан)
3. Эльмир Әлімжанов (Қазақстан)
Әйелдер
1. Владислава Андреева (Қазақстан)
2. Шахзода Егамбердиева (Өзбекстан)
3. Малика Хакимова (Өзбекстан)