Спорт Министрі | Қазақстан су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды
БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан су спорты түрлерінен өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте екінші орын алды

Үндістанның Ахмедабад қаласында өткен су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарысты 23 медальмен аяқтады: 8 алтын, 7 күміс және 8 қола. Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға жалпыкомандалық есепте екінші орын алуға мүмкіндік берді.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді — 40 алтын, 10 күміс және 4 қола медаль. Ал үздік үштікті 5 алтын, 12 күміс және 4 қола жүлдемен Жапония құрамасы түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button