
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.
Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды. Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.