Спорт Министрі | Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды
БОКСТРЕНДТЕ

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Махмұд Сабырхан бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button